Ұзақ өмір құру полисін рәсімдеу
Не более 4х застрахованных.
На страхование принимаются в возрасте от 1 года до 65 лет.

Ауырған жағдайда ерікті сақтандыру

SOS Medical Assistance клиникасында кең шоғырлы қызметтер алу

Сақтандыру полисін рәсімдеңіз және бірегей генетикалық сынақтамаға қол жеткізіңіз
Ауырған жағдайда «Ұзақ өмір құру» ерікті сақтандырудың сақтандыру өнімі туралы толығырақ
Өзіңнің және туғандарыңның денсаулығын қамқорлау – бұдан маңызды не бар!
Сіздің барлық өміріңіз – құрудан тұрады: сіз мансап, үй, отбасын құрасыз. Ал біз басты іргетас – денсаулықты нығайтуды ұсынамыз. «Ұзақ өмір құру» шартының көмегімен сіз Алматы қаласы бойынша «SOS Medical Assistance» клиникасында жоғары білікті медициналық көмек ала аласыз.
«Ұзақ өмір құру»-дың артықшылығы
Сіз миокард инфарктісі, қант диабеті, онкоаурулар сияқты және басқа да көптеген ауыр дерттерді уақытылы анықтау және оларды ерте сатысында болдырмауға мүмкіндік беретін бірегей генетикалық сынақтамаларға қол жеткізе аласыз.
Негізгі пакетке кіретін қызметтер:
- отбасы дәрігеріне және әртүрлі бейіндегі мамандарға қаралу және кеңес алу;
- диагностикалық зертханалық-аспаптық зерттеулер;
- физиотерапия;
- емдік массаж (2 курс);
- көктамыр ішіндегі қанды лазерлі сәулелендіру;
- жедел көрсеткіштер бойынша стационарлық емдеу;
- 10 000 теңге белгіленген лимит шегінде дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және стоматологиялық көмек көрсету;
- тұмауға қарсы маусымдық вакциналау жүргізу;
- таңдалған тәуекелге байланысты аурулар бойынша бейіндік зерттеулер.
Қосымша пакет сатып алған кезде сіз таңдалған тәуекел бойынша бейіндік тексеруден өте аласыз:
-
Сау жүрек
Мамандандырылған дәрі-дәрмектерге төзімділікке генетикалық сынақтама -
Ерлер саулығы
Ерлерге арналған медициналық тексеру -
Ерлер онкопрофилі
Ерлерге арналған онкомаркерлерді зертханалық зерттеу -
Әйелдер онкопрофилі
Әйелдерге арналған онкомаркерлерді зертханалық зерттеу -
Дұрыс жоспарлау
Ішке қабылдайтын контрацептивтерге төзімділікке генетикалық сынақтама -
Қант Диабеті
Қант диабетін ерте анықтауға арналған зерттеулер -
Жүйе аурулары
Аутоиммундық ауруларды зертханалық зерттеу